Құрметті талапкер, ҚазҰТЗУ-ға қош келдіңіз!

 

ДАМУ ТАРИХЫ

Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті – еліміздегі алдыңғы қатарлы университеттердің бірі, Қазақстандағы техникалық білімнің көшбасшысы.
Университет 1934 жылы Тау-кен-Металлургия институты болып құрылды.
1994 жылы Қазақ ұлттық техникалық университеті атауына ие болды.
2001 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-ға ерекше мәртебе берілді.

 

ТАБЫСТАРЫ МЕН ЖЕТІСТІКТЕРІ

Университет техникалық жоғары оқу орындары арасында мамандар даярлаудың академиялық көрсеткіші бойынша Қазақстанның жоғары оқу орындары рейтингінде 1 орынды алып отыр.
ҚазҰТЗУ Болонья қаласындағы (Италия) «Magna Charta Universitatum» университеттерінің Ұлы хартиясына қол қойды және еуропалық жоғары білім аймағына кірді.
Университет «Шеврон» корпорациясымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды және әлемнің 16 техникалық жоғары оқу орны – корпорация серіктестерінің қатарына кірді.
QS World University Rankings (Ұлыбратания) халықаралық рейтинг бойынша ҚазҰТЗУ 17000 университеттің ішінде 601+ орында.
Университетте Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жанындағы Ұлттық аккредитациялау орталығының (www.nac.edu.kz) №1 сертификаты бар.
21 білім беру бағдарламасы халықаралық аккредитациялау агенттіктерінде аккредитациялау туралы сертификат алды: ABET (АҚШ) (www.abet.org), ASIIN (Германия) (www.asiin.de), АИОР(Ресей) (www.ac-raee.ru).
Университетте 165 ғылым докторы, 555 ғылым кандидаты, оның ішінде 42 академик еңбек етеді.
ҚазҰТУ Халықаралық (www.iau-aiu.net) және Еуропа (www.eua.be) университеттер ассоциацияларының мүшесі.
Университет Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының университеттері құрамында Экология, Нанотехнология, IT технологиясы және Энергетика салалары бойынша мамандарды дайындау бағдарламасына кіреді.

 

ОҚУ ҮРДІСІ

Университет 47 бакалавриат мамандығы,50 магистерлік және 24 докторлық бағдарламалар бойынша мамандар даярлайды.
«Техникалық ғылымдар және технологиялар» бағыты бойынша бакалавриатта оқу үрдісі жеке эксперименттік бағдарламалар бойынша іске асырылады.
Университет құрамында Қазақстан Республикасының Қарулы күштері мен әскери құрамына офицерлердің қосалқы құрамын даярлайтын әскери істер институты бар.
Университеттің бастамасымен «Жобаларды басқару» және «Инновациялық менеджмент» сияқты жаңа мамандықтар ашылды.
Университетте академиялық алмасу бағдарламасы бойынша әлемнің жетекші жоғары оқу орындарының оқытушыларын шақыру жүзеге асырылуда. 2011-2012 оқу жылында университеттің 35 студенті АҚШ, Франция, Италия, Польша, Корей, Ресей мен Малайзия мемлекеттерінің беделді университеттерінде білім алуда.