PhD докторантураға түсуге қажетті құжаттардың тізімі

     Докторантураға «магистр» академиялық дәрежесі бар тұлғалар қабылданады.
     Докторонтураға түсуші тұлғалар жоғары оқу орындары және ғылыми ұйымдарға келесі құжаттарды тапсырады:

  1. ұйым басшысының атына өтініш;
  2. зерттеу тақырыбы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде автореферат нысанындағы негіздеме;
  3. жеке куәлігінің көшірмесі;
  4. білімі туралы нотариальды куәландырылған құжаттар, Test of English as a Foreign Language (TOEFL, шекті балл – кемінде 560) және тағы басқа бағдарламалар бойынша тест тапсырғандығы туралы сертификат көшірмесі;
  5. бар болған жағдайда ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстарының тізімі;
  6. 086-У нысанындағы медициналық анықтама қағазы;
  7. бар болған жағдайда кадрлар есебі бойынша жеке қағазы және нотариальды куәландырылған еңбек кітапшасының көшірмесі;
  8. басқа оқу орындарында оқығандығын куәландыратын құжаттар көшірмесі;
  9. 3х4-шi көлемiндегі 4 фотосуреті;
  10. шет тiлi бойынша тестілеуге төлегені туралы түбіртек қағаз;
  11. қыстырғыш папка - 1 дана;
  12. конверт - 1 дана;
  13. файлдар - 12 дана;
  14. құжаттар тізімдемесі.
Besucherzahler meet beautiful russian brides