Қашықтықтан білім беру

Қашықтықтан оқыту технологиялары
Кейстік технология

    Қағазды, электронды, өзге де жеткізу түрлері мен оларды өздігінен оқитын білім алушылар үшін жіберілетін мультимедиялық оқу-әдістемелік материалдар негізінде жинақталған (кейс) технология
 

Желілік технология

    Білім алушылардың оқытушылармен және өзара интерактивтік қарым-қатынас түрінде, сондай-ақ Интернет желісін қолдану негізінде оқу процесін басқаруда оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету технологиясы
 

http://portal.kazntu

    Университетте қашықтықтан оқытудың әр түрлi технологиялары дамытылды, соның бiрi вебинар форматында on-line дәрiстерін өткiзу. Мұндай on-line дәрiстер оқытушы және студенттердің өзара ақпараттық байланысы тұрақты қарым-қатынасқа айналды (webinar.ntu.kz)
    Кез келген вебинар жеңiл түрде дискіге жазылып алынады және көптеген мақсаттар - iшкi корпоративті білім кiтапханасын құрастыру, интернет желiсiнде жариялау, өткiзiлген жұмысты талдау үшiн қолданылады, ол осы тұрғыда маңызды болып есептеледі.
    Технологияның дамуы бұдан әрі білім беру жүйесінің жетілуін қамтамасыз етеді, қашықтықтан оқытуды вариативті, жеке бағыт-бағдарға мүмкіндік бере отырып, оның сапасын жақсартады.
    Қашықтықтан білім беру - бiлiм алу формасының баламалы түрі бола отырып, негізгі нысана ретінде студенттің жеке тұлғасын алады, бұл жерде оқытушы тек білім беруші ғана емес, танымдық үрдісті ұйымдастырушы, оқу курсы мен кеңес беру қызметін үйлестіруші болып табылады.
 

Мамандықтар:

Мамандық
шифры
Мамандықтар:
5В012000 Кәсіптік оқыту
5В042000 Сәулет
5В042100 Дизайн
5B050600 Экономика*
5B050700 Менеджмент*
5B050800 Есеп және аудит*
5B050900 Қаржы*
5B051000 Мемлекеттік және жергілікті басқару
5B051100 Маркетинг*
5В060200 Ақпараттану
5В060800 Экология
5В070200 Автоматтандыру және басқару
5В070300 Ақпараттық жүйелер
5В070400 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
5В070500 Математикалық және компьютерлік моделдеу
5B070600 Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау
5В070700 Тау-кен ісі
5В070800 Мұнай-газ ісі
5В070900 Металлургия
5В071000 Материалтану және жаңа материалдар технологиясы
5В071100 Геодезия және картография
5В071200 Машина жасау
5В071300 Көлік, көлік техникасы және технологиялары
5В071600 Аспап жасау
5В071800 Электр энергетикасы
5В071900 Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
5В072000 Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы
5В072100 Органикалық заттардың химиялық технологиясы
5В072200 Полиграфия
5B072300 Техникалық физика
5В072400 Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
5В073000 Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру
5В073100 Қоршаған ортаны қорғау және тіршілік ету қауіпсіздігі
5В073200 Стандарттау, метрология және сертификаттау
5В073700 Пайдалы қазбаларды байыту
5B073800 Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы
5В080500 Су ресурстары және суды пайдалану
5В090100 Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру
5В090300 Жерге орналыстыру
5В090700 Кадастр
5B090800 Бағалау
5В090900 Логистика (сала бойынша)
5В100200 Ақпараттық қауіпсіздік жүйесі
5В075200 Инженерлік жүйелер және желілер

* - жоғары білім негізінде оқу мерзімі - 2 жыл

Қабылдау ҚР БҒМ бекiтiлген мамандықтарды және кәсіби білімді жіктеп топтастыру кестесiне сәйкес жүргiзiледi

 

Қашықтықтан оқытудың артықшылығы:

     

  • кез-келген ыңғайлы уақытта және кез келген орында шұғылдану мүмкiндiгi;
  • кәсiби қызметпен қатар оқу;
  • оқу мәлiметiнiң ашықтығы;
  • АКТ көмегімен студент және оқытушы арасында ұдайы сұхбат жүргізу.

     Бұның барлығы дәстүрлi оқу формасының кемшiлiктерiн болдырмауға, сонымен бiрге олардың барлық жетістіктерін сақтауға мүмкiндiк бередi.

     Оқыту тілі: қазақ, орыс.

     Қысқартылған білім беру бағдарламалары негізінде ҚОТ мына білім алушыларға қолданылады:

  1. орта кәсіптік білім негізінде – 3 жыл, талапкерлерді қабылдау Кешенді тестілеу нәтижесі бойынша жүргізіледі. ;
  2. жоғары техникалық білім негізінде – (бакалавр, инженер) – 2 жыл, талапкерлер әңгімелесу нәтижесі бойынша қабылданады;
  3. жоғары техникалық емес білім (бакалавр) негізінде – 2 немесе 3 жыл, талапкерлер әңгімелесу нәтижесі бойынша қабылданады.

     Оқуға түсу үшін қажетті құжаттар тізімі:

  1. Диплом қосымшасымен (түпнұсқасы);
  2. Жеке куәлiк (көшірме);
  3. 6 - фотосурет (3х4);
  4. Дәрiгерлiк анықтама (форма 086-У), флюраграфия
  5. Жұмыс орнынан анықтама

Besucherzahler meet beautiful russian brides