Қ. И. Сатбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университет қабырғасында бос орындар жәрмеңкесі

    2015 жылдың 25-маусымында Қ. И. Сатбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университет қабырғасында Алматы қаласы Бостандық ауданы базасында қаламыздың жоғарғы оқу орындарын бітіруші түлектер мен жұмыссыз азаматтарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өтті.
    Жәрмеңкені ұйымластырушылар «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы, Бостандық ауданы әкімі аппараты, Наурызбай ауданы әкімі аппараты, Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама Басқармасы, Бостандық ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағарлама бөлімі және Наурызбай ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімі.
    Шараны алғы сөзімен «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасы Ажимбаев Н.И. және Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама басқарма басшысының орынбасары Нарматов А.Ж. ашты.
    Жәрмеңкеге қаламызыдың 84 кәсіпорындары мен ұйымдар қатысты,ол «Банк Центр Кредит» АҚ, «ХоумКредитБанк», «Казкоммерцбанк» АҚ, «Рамстор Казахстан» ЖШС, «Буршак» ЖШС, «Айт-Отель» ЖШС, «Эльдани» ҚҚ, «Рахат» ПИК, «СПИД» орталығы, «Дальпродукт» ЖШС, «Қалалық студенттер емханасы»КҚМ, №99 бала бақша, 12-ші қалалық аурухана, «ТК Мегаполис Казахстан» ЖШС, «Алматы жылыту жүйесі» ЖШС, №1 Клиникалық аурухана, №7 Клиникалық аурухана, «Тұрғынүй», ЖШС, «Алмерек» ЖШС, Медбиеке күтімі ауруханасы, Алматы телекоммуникация және машинқұрылыс колледжі, Соқырлар қоғамы АҚ «КОС», «Қаржылық жол» ЖШС, «Ритм» ЖШС, «Мегаснаб Казахстан» ЖШС, №1 БАлалар ауруханасы, Тері-венерология диспансері, Дағдарыс орталығы, «Алматы Китап» ЖШС, «СЖС Казахстан» ЖШС, «Вита Плюс» ЖШС, «ИнтерМульти Сервис» ЖШС, Түберкулез диспансері, Алматы Бейбітшілік үйі, «Компания VSS» ЖШС, «Серхат» ЖШС, «Belizz Company» ЖШС, «UNIQUE PLAST» ЖШС, «Анадолу маркетинг» ЖШС, «LG ELECTRONICS» ЖШС, «LT Gaz» ЖШС, «Смарт дистрибьшн» ЖШС, «Обис» ЖШС тағы басқалар.
    Бос орындар жәрмеңке барысын Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер Академисының студенттерімен ұйымдастыруымен концерттік бағарлама сүйемелдеді.
    Шара барысында «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауы мүгедек жандарды жұмыспен қамту сұрағы бойынша жұмыс жасады.
    Бос орындар жәрмеңкесіне жалпы 500 адам қатысты. 383 жұмыс орындары ұсынылып, 145 түйіндеме және сұрақнамалар толтырылды.

Материалды жүктеу

«Мансап» орталығы

Besucherzahler meet beautiful russian brides